420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейжіңде Қазақстан мен Қытай арасындағы өндірістік-инвестициялық форумы өтті

  • 87
  • UPD: 15:36, 26.11.2020

Бейжің қаласында Қазақстан мен Қытай арасындағы өндірістік-инвестициялық ынтымақтастық форумы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы шара аясында пандемия кезінде екіжақты жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыға салынды. Сондай-ақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытудың қолайлы бағыттары қарастырылды. Қазақстан мен Қытай арасында екіжақты инвестициялық жобалардың арқасында елде жаңа 25 мың жұмыс орнын құру көзделіп отыр.

Қуаныш Амантай, Kazakh Invest компаниясының Қытайдағы бас өкілі:

- Бұл жекеменшік компаниялар қазақстандық әріптестерімен бірге біріншіден, қазақстандық шикізатты өндіру, оны өңдеу және оның негізінде Қазақстан импорттап жатқан тауарларының орнына тауар шығару немесе экспортқа шығаруға бәсекелестігі бар тауарларды шығару. Олардың өнідірісінің негізгі мақсаты сол. Соның негізінде жалпы қазақстандық компаниялардың техникалық мүмкіндіктері өсіп жатыр, олардың коммерциялық жобаларды басқару мүмкіндіктері өсіп жатыр.

Гао Цзяньго, «Universal Energy» компаниясының вице-президенті:

- Соңғы 4 жылда Қазақстанның таза энергетика саласындағы 6 жобаға инвестиция құйдық. Оның үшеуі іске асты. Атап айтқанда, Каскеленде 50 мегаватт Күн энергиясын шығаратын нысан пандемия кезінде аяқтаған алғашқы жобамыз.

Форум осымен үшінші рет өттті. Қазақстан тарапынан оны ұйымдастыруға «Kazakh Invest» компаниясы атсалысқан. Бұл шараға қос елдің мемлекеттік секторы мен жекеменшік компаниялардың 200-ден аса өкілі қатысты. Пандемияға қатысы қазақстандық компаниялар оның жұмысына бейнебайланыс арқылы қосылды. «Kazakh Invest» компаниясының мәліметінше, тараптар 25 миллиард долларға бағаланған жобаларды қарастырып жатыр. Қазірдің өзінде электркарлар мен автокөліктер және рапс майын өндіру жобалары жүзеге асып, жалпы қуаты 180 мегаваттқа жететін 3 Күн электр станциясы салынды.

Хабар 24 телеарнасы