420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Асқар Мамин: ШЫҰ қабылдаған бағдарламаны қайта қарау керек

  • 106
  • UPD: 23:00, 30.11.2020
Асқар Мамин: ШЫҰ қабылдаған бағдарламаны қайта қарау керек Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Асқар Мамин Шанхай ынтымақтастық ұйымының Үкімет басшылары кеңесінің онлайн отырысына қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар сауда-саттық мәселесін тілге тиек етіп, індетпен бірлесіп күресу жолын қарастырды. Асқар Мамин ұйымның азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын қайта қарауға шақырды. Ол агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық және инновациялық байланысты арттыру жөніндегі нақты шаралармен толықтыруды ұсынды. Асқар Мамин қазіргі құжатта ұйымға мүше мемлекеттердің мүмкіндіктері толық ескерілмегенін тілге тиек етті. Жиын қорытындысы бойынша жоспар бекітілді. Ұйымның келесі отырысы 2021 жылы қараша айында елордада өтеді.

Хабар 24 телеарнасы