419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін елорда мен Алматыда сауда орталықтары жұмыс істейді

  • 104
  • UPD: 09:15, 01.12.2020
Бүгін елорда мен Алматыда сауда орталықтары жұмыс істейді

Бүгін мерекелік демалыс күні елорда мен Алматы қаласында қоғамдық көлік жұмысы тоқтамайды. Сауда және ойын-сауық орталықтары да ашық болады.

Бас шаһардың санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік пен сауда орталықтарының қызметі тек жексенбі күні тоқтайтыны белгілі. Қалған күндері жұмыс жалғаса береді. Алайда бұл жағдай босаңсуға себеп емес. Өйткені елорда қазіргі эпидемиологиялық ахуалы бойынша «сары аймақта». Сондықтан отшашу мен мерекелік шаралар болмайды. Тек «қызыл аймақтағы» облыстарда сауда үйлері мен базарлар жабық болады. Қоғамдық көлік те қатынамайды. Бұл талап Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарына қатысты. Тек Семейде автобустар жүріп, азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді.  

БЛИЦ:

- Енді ақыры праздник болып жатса, халық көңілді қылып өткізгісі келеді ғой бәрібір.

- Адамдар онсыз да демалыс күндері дұрыс сауда жасай алмай жүр. Бірі жұмысынан босап үлгірмесе, енді бірі аптасына алтын күн жұмыс істейді. Сондықтан бүгінгі мереке күні сауда үйлерінің ашық болуы дұрыс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы