420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда тіс протездерін жасайтын кабинет клиника болып қайта ашылды

  • 121
  • UPD: 16:24, 01.12.2020

Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен және өзге де әлеуметтік гранттардың көмегімен Талдықорғандағы тіс протездерін жасайтын кабинет клиника болып қайта ашылды.

Арнайы құрылғылармен жабдықталған мекеме енді тіс емдеуді де қолға алмақ. Онда есту қабілеті нашар 6 адам еңбек етеді. Олар медицина колледжінде ерекше бағдарлама бойынша білім алған. Тіс техниктері тапсырысты сурдоаудармашы арқылы қабылдайды. Кәсіби маманның көмегімен ауыз қуысының үлгісін алып, протез жасайды. Ұйым тұрмысы төмен отбасыларға, көп балалы аналарға тегін қызмет көрсетеді. Осы уақытқа дейін олар 15 адамға протез дайындап берді.

Гүлбике Қанафина, Сарқан ауданының тұрғыны:

- Протез салдырдым келіп, сапасына ризамын. Тіс жоқ кезде  тамақ жей алмайсың ғой, қазір енді бәрі жақсы сапасына ризамын.

Шаяхын Ыбыраев, жоба жетекшісі:

- Біздің кабинеттің клиникалық деңгейге көтерілуіне бірінші президент қорының көмегі мол болды. Олар болмаса бұндай дәрежеге жетпейтін едік. Неге десеңіз, мүмкіндігі шектеулі балалар болғаннан кейін жеке клиникалар балалармен жұмыс істегісі келмейді.

Хабар 24 телеарнасы