419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да тамыздан бері айлық алмаған жұмысшылар проблемасын айтуға қорқады

  • 124
  • UPD: 18:39, 02.12.2020

Солтүстік Қазақстан облысында «Жарқын СК» серіктестігінің жұмысшылары тамыз айынан бері айлықтарын ала алмай жүр. Инвестор күзгі дала жұмыстарында еңбек еткен 70 азаматқа 27 миллион теңге қарыз болып қалған. Бұл аздай олардың зейнетақы шоттарына да бір тиын салмапты. Амалы таусылған жұрт арнамызға хабарласып, көмек сұрады. 

- Вот они нас увидят по телевизору, что я вот выговариваю. Завтра приедут, уволит его и все. Вот это они могут. 

Қуаныш Сейтқалиев «Жарқын СК» серіктестігінде жүргізушісі болып жұмыс істейді. Адал еңбегінің ақысы былай тұрсын компания соңғы бірнеше жыл үшін азаматқа зейнетақы аударымын жасамаған. 

Қуаныш Сейтқалиев, Светлое ауылының тұрғыны:

- 2018 жылдан бері жалақымнан зейнетақы қорына деп ақша ұстап келді. Бірақ ол менің шотыма түспеген. Салдарынан қазір еңбек өтілім де жоғалды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша да осындай жағдай. Ауруханаға барсам, мені қабылдамайды. Себеп біреу ғана. Қаржы түспеген.  

Күн-түн демей қырда еңбек еткен жұрт төрт айдан бері маңдайықы жалақыларын алмай жүр. Ақшасыз қалып, ашынған ауылдағы ағайын енді не істерлерін білмей дал. Себебі серіктестік басшылығы орақ науқаны аяқталысымен ұшты-күйлі жоқ болып кеткен. 

Татьяна Гавриленко, Светлое ауылының тұрғыны:

- Азық-түлік алатын қаражатымыз жоқ. Бұл мәселені айтып, әкімдіктегілерге арыздандық. Әзір нәтиже болмай тұр. Балам мүгедек. Қазір оның құжаттарын рәсімдей алмай отырмын. Себебі облыс орталығына бірнеше рет баруымыз қажет. Оған да бірталай ақша керек. 

Кәсіпкермен телефон арқылы байланыса алдық. Бірақ ол аудиожазбаны эфирде қолдануымызға қарсы екенін жеткізді. «Жарқын СК» серіктестігінің барлық есеп-шоттары тұтқындалып, лимит тұрғанын айтты. Салдарынан біржола есеп айырысу мүмкін емес. Сондықтан тамыз айы үшін қаржы жақын күндері қолма-қол беріледі. 

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Дәл осы мәселе халықты былтыр да мазалаған. Ол кезде Айыртау ауданының әкімдігі Еңбек инспекциясына арыз түсіріп, жұмысшылардың жалақысы толықтай төленді. Арада міне бір жыл уақыт өтті, проблема тағы қайталанып отыр. 

Бүгінде инвестордың 70 адамға берешегі 27 миллион теңге. Әкімдіктегілер кәсіпкер уәдесінде тұрмаса бұл сұрақты басқа жолмен шешпек ниетте.  

- Әкімшілік жұмыс істедік ол кісімен. Осыған дейін уақыт беріңдер деді. Болмаса осында тоқта бізде 700 тонна бидай бар. Сол 700 тонна бидай орнында тұр. Егер де оны бермейтін болса, нотариус арқылы заявление бергізіп, арыз жаздыртып, оның бәрін судоисполнительдермен сатып, зарплатасын бергіземіз.

Айта кету қажет, айлықтан бөлек инвестор бес ауылдың халқына былтырғы жылғы жер пайы үшін 42 миллион теңге берешек. Кәсіпкер бұл қарыздан «желтоқсан айының ортасына дейін құтыламын» деп сендірді. 

Авторлар: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы