427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Infra Del Projects Kazakhstan» компаниясы шетелдік нарыққа шықты

  • 257
  • UPD: 21:06, 02.12.2020

Отандық «Infra Del Projects Kazakhstan» компаниясы халықаралық нарыққа шықты. Компания Амур өндірістік зауытына инжинирингтік қызмет көрсететін болады. Жобаны қолдаушылар -  еліміздің сауда және интеграция министрлігі, «Бәйтерек» холдингі мен «KazakhExport» сақтандыру компаниясы.

Құрылғанына 6 жыл болған «Infra Del Projects Kazakhstan» мұнай және газ саласындағы алпауыт серіктестерімен жұмыс істейді. Негізінен отандық өндіріс орындары мен кәсіпорындарға инжинирингтік қызмет көрсетеді. Енді «KazakhExport» сақтандыру компаниясының қолдауымен көрші мемлекеттің нарығына шықты.

Юлия Левина, «Infra Del Projects Kazakhstan» ЖШС қаржы директоры:

- Қазір біз Ресей Федерациясындағы Амур газ өндірістік зауытында жаңа жобаны бастадық. Жұмыстың сәтті жүруіне РБК банкінің қолдауына ие болған «KazakhExport» компаниясы көмектесті. Алғашқы кезеңде біз 300 білікті маманды Ресейге жібердік. Барлығы Қазақстан азаматы.

Қазір инжинирингтік қызмет ауқымын кеңейту бойынша келіссөз жүріп жатыр. Соған сәйкес қосымша мамандар тартылады.

Юлия Левина, «Infra Del Projects Kazakhstan» ЖШС қаржы директоры:

- «Infra Del Projects Kazakhstan» әрдайым жаңа технологияларды қолданғысы келеді. Мысалы, біздің тәжірибемізде «Сарыарқа» жобасы болды. Тапсырыс берушімен бірге көлденең бұрғылау әдісін қолдануды жөн санадық. Нәтижесінде жұмыс уақыты қысқарып, шығындар азайды әрі қауіпсіз.

Экономикалық тұрғыдан тиімді бұл қызметке мұнай және газ саласында сұраныс жоғары. Сондықтан осындай жобаларды іске асыруда тәжірибесі бар  «Infra Del Projects Kazakhstan» компаниясы ТМД елдері аумағында бизнес ауқымын кеңейтуді жоспарлауда. Болашақта инжинирингтік қызметпен қатар қазба жұмыстарымен айналысуды көздеп отыр. 

Авторлар: Алмас Садуақас, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы