423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жыл басынан бері «Самұрық-Қазына» 129 млрд теңге үнемдеді

  • 351
Жыл басынан бері «Самұрық-Қазына» 129 млрд теңге үнемдеді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жыл басынан бері ішкі сатып алуларды қысқартып, 129 млрд теңге үнемдеген.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында қордың Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов мәлімдеді. Жалпы 2018 жылдан бастап сатып алулардан 400 млрд теңге үнемделген. Сонымен қатар импортты алмастыру бағдарламасы аясында 43 жоба мақұлданды. 25,5 млрд теңге сомасына 71 оффтэйк-шарт жасалды. Айта кетейік, өткен жылы кепілдендірілген ұзақ мерзімді шарттар түрінде қолдау алған кәсіпорындар 16 жарым млрд теңге салық төледі.

Хабар 24 телеарнасы