419,48 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕАЭО инвестициялық қызметін күшейтуі мүмкін

  • 194
ЕАЭО инвестициялық қызметін күшейтуі мүмкін

Премьер-Министр Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық одақта және одан тыс жерлерде сауда көлемін арттырып, тұрақтылықты сақтау қажеттігін атап өтті.

Үкімет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына бейнеконференция арқылы қатысып, бизнесті дамытуға, одақтас елдердің бюджеттік шығыстарына әсерін тигізетін міндетті сандық және сапалық бағалау тетігін енгізуді ұсынды. Отырысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыт-жоспарын қарады.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

– Сауда-саттық тұрақтылығы көлемін одан әрі арттыру сұрағы – Еуразиялық экономикалық одақ үшін бірінші кезекте тұрған мәселе. Осыған байланысты мен әріптестерімді Одақтың еркін сауда келісімі бар елдер тізімін кеңейту жұмыстарын үдетуге шақырамын. Бұл сыртқы экономикалық қызметтің артықшылығы болуы тиіс. Халықаралық капитал нарықтарындағы тұрақсыздық жағдайында ішкі қарқын мен инвестициялық қызметті болашақта күшейту керек. Осы орайда Еуразиялық даму банкінің рөлі маңызды. Банктің басты міндеттері: одаққа мүше елдердің экономикалық өсіміне қолдау көрсету және сауда-экономикалық байланысты кеңейту.

Хабар 24 телеарнасы