419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық бизнес Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік алды

  • 118
Қазақстандық бизнес Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік алды

Бұған Халықаралық сауда орталығы мен Еуроодақтың бірлескен жобасы игі ықпал етеді.

Сауда және интеграция министрлігі осылай деп мәлімдеді. Бүгін шетелдік серіктестер тарапынан сауда рәсімдерін жеңілдету, оның ішінде электрондық коммерцияны жетілдіру мен дамыту бойынша тың ұсыныстар берілді. Осы кеңестер негізінде жауапты министрлік қажетті шешімдер қабылдамақ. Сөйтіп қазақстандық бизнеске неғұрлым оңтайлы шешімдер ұсынуы тиіс. Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Еуроодақ арасында экономикалық байланыс тереңдей түсті. Тиісті келісімдерге қол қойылды. Енді кәрі құрлыққа экспорт көлемі ұлғаюды деген болжам бар.

Жанар Айтжанова, БҰҰ Женева бөлімшесіндегі Қазақстанның тұрақты өкілі:

– Қазақстан мен Еуроодақтың саяси-экономикалық байланысын нығайту жолында маңызды қадамдар жасалды. 5 жыл бұрын арадағы әріптестікті тереңдете түсетін құжаттарға қол қойылған болатын. Сол құжат Одаққа мүше елдердің жан-жақты келісімімен биыл күшіне енді. Еуропалық инвесторларға жайлы жағдай жасалды. Ұлттық экономиканы әртараптандыру үшін бұл – өте маңызды құжат. Енді, міне, Халықаралық сауда орталығымен қолға алынған іс Қазақстанның сыртқы саудадағы әлеуетін арттырады деген үміт зор.

Хабар 24 телеарнасы