430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында бордақыланған алты мың бас қой Шешенстанға жөнелтусіз қалды

  • 163
  • UPD: 21:18, 08.12.2020
Атырау облысында бордақыланған алты мың бас қой Шешенстанға жөнелтусіз қалды

Атырау облысында экспортқа ет өткізіп келген шаруашылық пандемия салдарынан сыртқы нарыққа шыға алмай қалғанын хабарлаған едік.

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған мәселеге қатысты түсініктеме берді. Қызылқоға және Құрманғазы аудандарындағы шаруалар 20 мың бастан астам қойды Шешенстан мен Дағыстанға экспорттайтын. Алайда биыл жұқпалы індетке байланысты көрші ел арасындағы шекара жабылып, бордақыланған 6 мың бас мал тапсырыс берушіге жетпей қалды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, былтыр Қазақстаннан шет елдерге 263 мың бас қой шығарылыпты. Ол белгіленген мөлшерден 7 есеге артық. Осыған орай министрдің бұйрығымен ұсақ малды экспорттауға шектеу қойылған. Биыл жағдай қалпына келген соң ол шектеу алынып тасталыпты.  

Владимир Розметов, ауыл шаруашылығы кешенінің бас директоры:

- Бұл экспорттың малы. Оны жылда Ресейдің мекемелеріне сататынбыз. Биыл сата алмай қалдық. Шекара жабық, коронавирусқа байланысты алушылар келмей қалды. Жалпы жылда осы жерден 3 мыңдай қозы сатамыз. Шамамен 100 млн теңгеге жақын.

Ерлан Ілиясов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің басқарма басшысы:

- Қазір бұл мәселенің шешу жолдарын айтсақ, осы жылдың қараша айынан бастап бұйрықтың күші жойылды. Сондықтан қазір ешқандай кедергісіз шаруалар өздерінің малдарын шетелге шығарып, табыс табуына еш кедергі жоқ. Былтыр қазан айында қабылданған болса, биыл қараша айында бұйрықтың күші жойылды.

Хабар 24 телеарнасы