433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық өндірушілер өндіріс қуатын арттырып, әлемдік нарықты бағындыруда

  • 172
  • UPD: 22:13, 09.12.2020

Отандық өндірушілер өндіріс қуатын арттырып, әлемдік нарықты бағындыруда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында алматылық «Trade Marketing Solutions» және «Novus Polymer» компаниялары да бар. Біріншісі сауда құрал-жабдықтарын шығарса, екіншісі пластик және алюминий өнімдерін шығарады. Ал халықаралық нарықтан орын алу үшін оларға Сауда және интеграция министрлігі, «Бәйтерек» холдингі мен «KazakhExport» сақтандыру компаниясы қолдау көрсетуде.

«Trade Marketing Solutions» компаниясы 14 жылдан бері кондитерлік өнімдер, шоколад, сусын, кәдесый өнімдеріне арналған құрал-жабдықтарды шығарады. Бір жылда зауыт 10 мың дана тауар өндіреді. Өндірушілер экспорттық әлеуетті арттырып, өз өнімдерін Орталық Азия мен Шығыс Еуропаға жеткізуге ниетті.

Максим Агапов, «Trade Marketing Solutions» ЖШС атқарушы директоры:

«KazakhExport» компаниясының қолдауымен біз өндірістік қуатты арттырып, өнім шығаруды жылына 20-30 мың дана тауарға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар экспортты көбейтуге ынталымыз. Мақсатсыртқы нарыққа шығатын өнімді 30%-ке көбейту.

«KazakhExport» «Novus Polymer» компаниясының да мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашты. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорын Өзбекстан мен Тәжікстан елдерінің нарығын игерді.

Айта кетейік, «Novus Polymer» – пластикті балқытып, нығыздайтын Қазақстандағы ең ірі компания. Кәсіпорын мың адамды жұмыспен қамтып отыр.

Қайрат Қанарбеков, «Novus Polymer» ЖШС бас директорының орынбасары:

- Ірі жобаны жүзеге асырмақ ойдамыз. Алатау ауданында орналасқан индустриялық аймақтағы өндірістік алаңдарды кеңейтеміз. 8 гектардан асатын аумақта өндірістің талаптары мен стандарттарына жауап беретін заманауи тиімді өндірістік кешендер салынады.

Компанияның тарихы 1993 жылдан басталады. Сол уақыттан бері компания өндірістің дамуына 50 миллион доллардан аса қаржы инвестициялаған. «Отандық компаниялардың жетістігі – мемлекеттік қолдаудың нәтижесі», - дейді кәсіпорын өкілдері.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы