414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарапайым заттар экономикасы: Ақмола облысында 140 жоба мақұлданды

  • 162
  • UPD: 23:46, 09.12.2020

Жыл басынан бері Ақмола облысында 19,5 миллиард теңгенің 140 жобасы мақұлданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда өңірде «Қарапайым заттар экономикасы» сәтті жүзеге асып келеді. Аталған бағдарлама аясында қолдау тапқан ірі жобалардың бірі – Көкшетаудағы сусымалы материалдарға арналған жұмсақ қамтама шығаратын кәсіпорын.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- «Новопэк» зауытында жұмыс қайнап тұр. 2003 жылы ашылған кәсіпорын полипропилен қапшықтарын шығарады. Былтыр мұнда құны 600 миллион теңгенің жаңа цехы іске қосылды. Ол «Қарапайым заттар экономикасы» аясында жүзеге асты. Бүгінде компания жіп өндіру жабдықтарымен тоқыма станоктарын сатып алған. Әзірге цех толық қуатқа көшкен жоқ. Екінші кезеңі келер жылы іске қосылады. 

Рүстем Усманов, «Новопэк» компаниялар тобының бас директоры:

- Біз жылына 70 миллионнан астам қапшықпен 3,3 миллион биг-бэг қаптарын шығарамыз. Оның 20%-і экпортталады. Қырғызстан, Украина елдеріне толық бағындыру үшін қазір жұмыс істеп жатырмыз. Импорт 50%-ті құрайды. Ал ішкі нарықты 80%-ке дейін қамтуды көздеп отырмыз.

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несие бағдарламасы былтырдан жүзеге асуда. Екі жылда 27,5 миллиард теңгеге 170-тен астам жоба қаржыландырылды.

Жаслан Айдрахманов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары:

- Қолдау жеңілдетілген несие түрінде көрсетіледі. Кәсіпкер банктен немесе аграрлық неисе корпорациясынан ақша алады. Яғни қаржыландырушы ұйымның пайыздық мөлшерлемісінің бір бөлігін жабу үшін оның жобасы субсидияланады. Сондай-ақ 14 жоба мемлекеттік кепілдікке ие болды. 

Жеңілдетілген несиені ауыл шаруашылығы мамандары да ала алады. Қазанда ол үшін түзетулер енгізілді. Тек бір айда 20-ға жуық жоба мақұлданған. Оның бір бөлігі егіс және орақ науқанына қатысты.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Анна Шолгина

Хабар 24 телеарнасы