424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан бері елдегі азық-түлік 9,6 процентке қымбаттады

  • 437
  • UPD: 17:58, 10.12.2020

Баға өсімі әсіресе төтенше жағдай режимі енгізілген кезде байқалған. Бұл туралы үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Бағаны тұрақтандыру үшін тауардың 7 түрін экспорттауға тыйым салынды. Алты түріне ай сайын квота белгіленіп отырады. Сондай-ақ тауардың тоғыз түріне шекті баға енгізілді. Десе де Алматы мен Қызылордадан өзге өңірлерде бұл әдіс іске аспаған. Нәтижесінде бағаның шекті деңгейден асып кетуі бойынша 66 факті анықталды. Министрдің сөзінше әкімдіктер тұрақтандыру қорының мүмкіндігін тиімді іске асырмай келеді. Кей өңірде маусымдық немесе импортқа тәуелді азық-түлікті сатып алудың орнына, өзімізде өндірілетін, бағасы тұрақты, өнімді сақтаған. Салдарынан импортқа тәуелді қант және қарақұмық сияқты, әлеуметтік маңызды азық-түлік тізіміне кіретін сегіз тауар түрінің бағасы 10-нан 30 процентке дейін өскен.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- 11 ай көрсеткіші бойынша 5 негізгі көрсеткіш бойынша 11 өңір әлеуметтік экономикалық  даму өсімін қамтамасыз етті. Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, СҚО, Маңғыстау, Түркістан облыстары және Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары. Үш өңірде көрсеткіш бойынша оң серпін байқалады. Ол Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары және Алматы қаласы.

Хабар 24 телеарнасы