432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Республикалық бюджеттен 122 млрд теңге игерілмеді

  • 204
  • UPD: 13:37, 10.12.2020
Республикалық бюджеттен 122 млрд теңге игерілмеді

Биыл 11 айда республикалық бюджет шығыны 12 триллион 503 миллиард теңге болды. Оның 98,9 проценті игерілген.

137 мииллиард теңге жаратылмады. 15 миллиард теңгесі үнемделген болып есептеледі. Ал 122 миллиард теңге игерілмеген. Бұл ретте қаржы министрлігі мен Ішкі істер министрлігі, Орталық сайлау комиссиясы, Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы және Төтенше жағдайлар министрлігі кемшілік жіберген. Игерілмеудің негізгі себебі ретінде конкурстық рәсімдердің ұзаққа созылуы және атқарылған жұмыстардың актілерін ұсынбау сынды себептер айтылды.  Жалпы 11 айда мемлекеттік бюджетке 8 триллион теңге, республикалық бюджетке 5 триллион теңге түсті. Кірістер бойынша жоспар 74 млрд теңгеге артығымен орындалды.

Хабар 24 телеарнасы