419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екі банк Қазақстанға 1,5 млрд еуро қарыз береді

  • 161
  • UPD: 17:41, 10.12.2020

Екі халықаралық қаржы институты пандемияға қарсы күрес шаралары мен оның зардабын жою жұмыстарына 1 жарым млрд еуро қарыз бөлетін болды.

Бүгін Сенат «Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады. Сонымен қатар біздің ел мен «Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі» арасындағы қарыз да заңмен бекітілді. Бұл келер жылға арналған бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады. Оның ішінде ковидтің салдарымен күрес шараларына бөлінеді. Басым бөлігі әлеуметтік саланы  және өңірлерді дамыту бағдарламаларын іске асыруға бағытталған. Банктерден алынатын қарызды өтеу мерзімі екі кезеңнен тұрады. Жартысы 3 жылдық жеңілдікпен 10 жыл мерзімге берілсе, қалған жартысына да сонша уақыт қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы