418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық кәсіпкерлер өнім мен экспорт көлемін ұлғайтты

  • 132
  • UPD: 23:05, 15.12.2020

Еліміздің өнім өндірушілері карантинге қарамастан шетелге экспорт көлемін арттырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирус отандық экономикаға әсер еткені сөзсіз. Мұндай кезеңде тек бизнесті ғана емес, сырттағы серіктестерді де сақтау маңызды. Осы бағытта мемлекеттік қолдау басты рөл атқаратыны сөзсіз. Сауда және интеграция министрлігі мен «Бәйтерек» холдингі және «KazakhExport» сақтандыру компаниясы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының кәсіпкерлеріне халықаралық нарықта өз орнын табу үшін көмек көрсетіп келеді.

Нұрбек Байбосын, тілші:

- «Bal Tekstil» – Шымкенттегі ең ірі өндіріс орындарының бірі. Мұнда жылына 5 миллион шаршы метр кілем шығарылады. Олардың көпшілігі ішкі нарықта сатылса, шет мемлекеттен де едеуір сұраныс бар. Өнімнің 10% Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанға экспортталады. Қазір кілем фабрикасы қарқынды дамуда.

Талғат Ысқақов, «Bal Tekstil» компаниясының директоры:

- Біздің ендігі мақсатымыз – осы экспорт көлемін ұлғайту. Басқа да нарыққа шығу. Көршілес Қытай еліне шығу, одан кейін Америка Еуропа нарығына шығу мақсатта жұмыс жасап жатырмыз. Болашақта «KazakhExport» арқылы экспорт көлемін 40-50% арттыруды жоспарлап отырмыз.

Бұл қарқынды бау AgroFood компаниясына тиесілі. Мұнда алма, қара өрік, шие және шабдалы өсіріледі. Жалпы 200 гектар құнарлы жер бар.

Нағима Жақыпова, «AgroFood» компаниясының қаржы жөніндегі директоры:

- «KazakhExport-пен» жұмыс істегеннен кейін бізде көп жеңілдіктер болып жатыр. Экспортқа жіберу тәртіптерінің барлығын солар өздері көрсетіп, ақылдасып, көп нәрселерге көмегі тиіп жатыр.

««Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің» еншілес компаниясы болып табылатын «KazakhExport» сақтандыру компаниясынмен ынтымақтастық өте тиімді», - дейді AgroFood өкілдері. Шынында да, сақтандыру құралдарының арқасында олар бақтардың аумағын, сәйкесінше, экспорт көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы