425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ойын-сауық шараларына онлайн билет сатып алу 85 процентке азайды

  • 300
  • UPD: 18:01, 17.12.2020

Биыл мәдени әрі ойын-сауық іс-шараларға деген онлайн билет сатылымы сексен бес процентке төмендеді. Театрлар мен кинотеатрлар сегіз айға жуық жабық болды.

Ал музыкалық концерт өткізуге әлі рұқсат берілген жоқ. Осындай қалыптасқан жағдайда алдын ала сатылған билет құнын қайтару мәселесі туындады. Мысалы, бір ғана ТИКЕТОН компаниясында сатылған билеттердің сексен пайызы қайтарылған.

Наурыз айында, яғни карантин жарияланған күннен бастап, Қазақстанда бес жүз іс-шараны өткізу кейінге шегерілді. Сол кезде билет сатылымы тоқтатылды. Ал онлайн касса арқылы алдын ала билет сатып алғандарға  ақшаларын қайтарып беру керек болды. Бұл міндеттен алғашқылардың бірі болып еліміздегі ірі онлайн сервистік «Тикетон» компаниясы құтылды. Жиналған қаржының жартысынан астамы іс шара өткізушілерге аударылғанына қарамастан компания қарызын өтеп ғана қойған жоқ. Билет бағасының отыз процентін құрайтын бонустар сыйлады. Оны «Тикетон» сайты арқылы кез келген іс-шараға онлайн билет сатып алғанда қолдануға болады.

Виктория Торгунакова, «Тикетон» компаниясының бас директоры:

- Бірнеше ай бойы біз іс-шара өткізушілермен ортақ келісімге келе алмай  алмай  біраз  қиналдық. Олар сатылған билеттен жиналған ақшаны қайтарғысы келмеді. Соған қарамастан біздің компания шығынды өз есебімізден төлеуді ұйғардық. Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша қарызымызды жүз процент өтедік. Оған  несие алу арқылы және акционерлердің жеке қаражатын салу арқылы қол жеткіздік.

Былтыр компания күніне он мыңға жуық билет сататын. Қазір небәрі екі мың билет өтеді. Негізгі сатып алушылар алматылықтар мен астаналықтар

Виктория Торгунакова, «Тикетон» компаниясының бас директоры:

- Жұмыс басталған кейінгі екі айда біз адамдардың кинотеатрға барулары азайғанын байқадық. Билет бұрынғы қарқынмен сатылмайды. Ал театрға баратындар көп. Өйткені көрерменнің сахна өнерін сағынғаны анық.

Мамандар пікірінше бұл нарық қалпына келу үшін  кемінде жарт жыл уақыт қажет. Ол үшін залдар адамға толу болуы керек.

Авторлар: Алмас Садуақас, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы