419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Стати ісі: Нидерланд соты Қазақстан пайдасына үкім шығарды

  • 102
  • UPD: 14:07, 20.12.2020
Стати ісі: Нидерланд соты Қазақстан пайдасына үкім шығарды

Қашағандағы «Самұрық-Қазына» қоғамының акцияларына уақытша тыйым салу жөніндегі шешім қайта қаралатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Стати ісі аясында Нидерланд Корольдігінің Жоғарғы Соты осындай үкім шығарды. Амстердам апелляциялық сотының 2019 жылғы 7 мамырындағы шешімінің күші жойылды.

Атап өтейік, сарапшылар Статидің заңнаманы жүйелі түрде бұзғанын анықтаған. Олар өздерін заңды инвесторлар ретінде танытып, көзбояушылық көрсеткен. Бірақ іс жүзінде жалған компанияларды пайдалана отырып, қазақстандық жүйені алаяқтық операциялар жасау үшін қолданған.

Хабар 24 телеарнасы