418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда мерекелік безендіруге бюджет қаржысы жұмсалмайды

  • 79
  • UPD: 09:13, 22.12.2020
Ақтауда мерекелік безендіруге бюджет қаржысы жұмсалмайды

Ақтауда жаңажылдық екі шырша орнатылды. Бірі Ынтымақ, екіншісі Астана алаңына қойылды.

Қос шырша да өткен жылдары сатып алынған. Оған ілінген ойыншықтары да жаңа емес. Қала басшылары осылайша қолда барды ұқсатуға тырысқан. Жалпы биыл Ақтау көшелерін безендіруге бюджеттен ақша қарастырылған жоқ. Әкімдік мұның орнына әлеуметтік салалар бойынша қажеттіліктерді қаржыландыруды көздеп отыр. Осы мақсатқа қазынадан жыл сайын 30 млн жуық теңге бөлініп келген еді. Былтыр 26 млн теңге қаралды.

Айта кетейік, биылғы жаңа жыл қарсаңында қоғамдық орындарды безендіруге жеке кәсіпкерлердің өздері ниет танытып жатыр. 

Алпысбай Таубаев, «Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы» ММ басшысының м.а.:

- Бүгін эскиздік жобасын алып келді. Онымен біз келісіп, бекітіп бергеннен кейін жұмыстарын бастайтын болады. Аллеяға жаңажылдық безендіру жасап беретін болды, өз қаражаты есебінен. Биыл да үш жерге шыршамыз қойылады. Безендірілетін болады. Кеше пандемияда көрдіңіз, көп дәрі-дәрмек жетпеді. Маскалар жетіспеді. Сол сияқты осы жылы басқа да салаларға, халыққа тиімді салалар бойынша бөлінетін болады.

Хабар 24 телеарнасы