421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 2006 жылғы банкноттарды қабылдау мерзімі ұзарды

  • 149
  • UPD: 16:07, 23.12.2020
Елімізде 2006 жылғы банкноттарды қабылдау мерзімі ұзарды

Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты.

«Халықтан өтініш түскен соң айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген», – дейді Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.

Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбасталады. Олардың мекенжайы мен байланыс телефоны туралы ақпарат Ұлттық банктің сайтында орналасқан. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.

Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін 4 жыл бойы ұзартылып келді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Хабар 24 телеарнасы