420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында жұмыртқа тапшылығы болмайды

  • 163
  • UPD: 18:46, 23.12.2020

Қызылорда облысында жұмыртқадан тапшылық болмайды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді.

Бұл үшін еліміздегі ірі құс фабрикаларымен келісім-шарт жасалып, 3 миллион данадан астам жұмыртқа сатып алынады. Оның 700 мыңы ертеңнен бастап сауда сөрелеріне шығарылады. Ал қалғаны облысқа 25 желтоқсанға дейін жеткізілмек. Әзірге Ақтөбе облысындағы құс фабрикасының көтерме бағасы әр дана жұмыртқа үшін 36 теңге екені белгілі болып отыр. Дегенмен, оны өңірге жеткізуші кәсіпкерлер өз шығындары есебінен үстеме бағасын қоятын болады, деді мамандар. Алайда әлеуметтік бұрыштардағы арзан баға өзгермейді.

Айта кетейік, бұған дейін өңірге апта сайын шамамен 1 миллионға жуық жұмыртқа жеткізілген. Ал тапшылық болған кезде оның көлемі 300 мың данаға дейін қысқарып кеткен.

Шахмардан Қойшыбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Ақтөбе облысы, Қостанай облысы, Нұр Сұлтан қаласы және Алматы облысынан 3 миллионға жуық жұмыртқа келеді. Одан кейін тағы да келісім жүргізіп жатырмыз. Біздің кәсіпкерлердің бұрынғы жасаған келісім-шарттарын қалпына келтіру жөнінде. Яғни жаңа жылға дейін де, кейін де жұмыртқа Қызылорда облысына келуі тоқтамайды. Яғни жұмыртқа болады.

Хабар 24 телеарнасы