419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Макинск құс фабрикасында қосымша жұмыс орындары ашылды

  • 108
  • UPD: 21:59, 23.12.2020

Ақмола облысындағы Макинск құс фабрикасы жұмысының екінші кезеңі басталды. Іс-шараға Үкімет басшысы қатысып, кәсіпорынды кеңейту азық-түлік қауіпсіздігін нығайтатынын айтты.

Фабрика Орталық Азияда тауық етін өндіру көлемі бойынша ірі кәсіпорынға айналды. Сағатына 9 мың бройлерді қайта өңдей алатын мүмкіндігі бар. Өнім көлемін жылына 25 мыңнан 60 мың тоннаға дейін арттыруға болады. Кәсіпорын елдің ішкі нарығындағы қажеттілікті 22 процентке қамтамасыз етеді. Нәтижесінде импорттың үлесі 42 проценттен 33 процентке дейін азаяды. Қазір үшінші кезеңнің құрылысы бойынша жұмыс басталды. Бұл 2023 жылы іске қосылады. Ол кезде кәсіпорын жылына 100 мың тонна құс етін шығарады.

Асқар Маминнің айтуынша, 2024 жылға қарай біз ішкі нарықты отандық өндірістің негізгі азық-түлігімен, оның ішінде құс етімен толық қамтамасыз етуіміз керек.

Премьер-Министр құрама жем өндіретін зауыттың да жұмысын бастап берді. Үкімет басшысы жылу оқшаулағыш материалдарын шығаратын зауыт пен Макинск қаласындағы модульдік қазандыққа барды.

Евгений Проскурин, «Макинск құс фабрикасы» ЖШС директоры:

- Бройлерге арналған 12 корпустан тұратын 4 алаң салынды. Әрбірінің аумағы 2 мың шаршы метр. Өнімділік ұлғайғаны өз алдына. Жақын маңдағы аудандар мен Макинск тұрғындары үшін қосымша 570 жұмыс орыны құрылды.

Хабар 24 телеарнасы