423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы қорғасын мен мырыш кендері сарқылды

  • 159
  • UPD: 21:01, 23.12.2020

Шығыста бұған дейін анықталған, қорғасын мен мырыш кен орындары толық игеріліп болды.

Қазір кей аумақтарда 15-20 процент ғана қор қалған. Кені таусылған кеніштер, Алтай және Шемонаиха аудандарында орналасқан. Тау-кен өндірісі саласындағы, жергілікті компаниялар бүгінге дейін 2 триллион теңгенің 70 миллиардтан астамын геологиялық барлауға бағыттаған.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары кен өндіру қарқыны артты. Бұл жер қойнауындағы қордың азаюына әсер еткен. Сондықтан салалық министрлік өндіру мен өңдеудегі сәйкессіздікті есептей келіп, мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын қадағалауға алды. Жобалық бағдарламалардың барлығы да бюджеттен төленетін субсидиялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатымен жүзеге асады. Елімізде пайдалы қазбаларға геологиялық барлау жасауға, жыл сайын 100 миллиардтан аса теңге жұмсалады. Соңғы жылдары өнеркәсіп өріс жайған өңірлерде экология мәселесі де ушығып тұр. Сондықтан кәсіпорындардың ауаны ластағаны үшін төлейтін төлемдерін, сол аймақтың өзінде қалдыру мәселесі де қаралап жатыр. Бірақ бұл қаржы өңірдегі экоахуалды жақсартуға жұмсалуы тиіс.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Өскемен қаласы Қазақстандағы ластанған үш қаланың ішіне кіретіні бәрімізге белгілі. Осы қаладағы екі ең ірі ластаушы кәсіпорындар бұл жылыту электр орталығы мен «Казцинк» кәсіпорыны. Сондықтан да біз бүгін осы кәсіпорын басшыларымен Өскемен қаласының экологиялық ахуалын жақсарту үшін біз арнайы жұмыс тобын құрып жұмыс өтікізетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы