Астықты аймақта экономиканы әртараптандыруға көңіл бөліне бастады. Соңғы жылдары солтүстік өңірде, бұрын-соңды болмаған өндіріс ошақтары іске қосылып жатыр.
Бұл жолы Петропавлда жұмсақ контейнерлер шығаратын зауыт пайдалануға берілді. Онда ауыл шаруашылығы, тау-кен өнідірісі және құрылыс саласында қолданылатын биг-бэг қаптарын шығарады. Аталмыш кәсіпорын толықтай автоматтандырылған. Қалдықсыз әрі толық циклде жұмыс істейді. Жылына 1 миллион 200 мың қап жасап шығаруға қауқары бар.
Мұқан Садуов, компания құрылтайшысы:
- Елімізде өз тауарларын шетелге экспорттайтын кәсіпорындар үшін біз слинг-бэк қаптарын жасауды бастадық. Оның сыйымдылығы төрт тоннаға дейін. Болашақта импортты алмастырмақ ойымыз бар. Осылайша біз ішкі нарықты 100 процент отандық өніммен қамтуды жоспарлап отырмыз.