420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде алғашқы онлайн-аукционнан 61 млрд теңге пайда түсті

  • 149
Елімізде алғашқы онлайн-аукционнан 61 млрд теңге пайда түсті

Қазақстанда көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына ие болуға мүмкіндік беретін алғашқы онлай-аукцион өз мәресіне жетті.

Бәссаудаға негізінен 7 учаске қойылған. Барлығын қоса алғанда бастапқы баға 263 миллион теңге болып белгіленген. Алайда сауда сәтті жүріп, учаскелер 61 миллиард теңгеге саудаланды.

Атап өткен жөн, ұтқан инвесторға жерді меншік ету құқығы берілмейді, ол тек жер қойнауындағы пайдалы қазбаны игереді. Инвесторларды әсіресе қызықтырған «Сарайшық» учаскесінің бастапқы бағасы 43 миллион теңге болса, жеме-жемге келгенде ол 43 миллиард теңгеге өтіп кетті. Ал «Забурунье» учаскесін барлау және өндіру құқығы 16,3 миллиард теңгеге сатылды. Мұнай саласының сарапшылары жаңа табылған кен орындары үшін бұл жақсы баға дейді. Нәтижесінде маңындағы тұрғындар үшін де жаңа жұмыс орындары ашылуы ықтимал.

Сұңғат Самарбаев, мұнай-газ саласының инженері:

– Жаңа инвесторлар болғандықтан, елге жаңа инвестиция тартылады. Атырау өңірі мұнайлы болғандықтан, сол жерден салық төлейді, кеңселерін ашады, жұмысын жүргізеді, сондықтан оң ықпал етеді. 6 айдан 1 жыл аралықта тек қағаздары дайындалады, содан кейін жұмыстар жүргізіле бастайды.

Хабар 24 телеарнасы