419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысындағы ресейлік инвестордың құқығы қорғалады

  • 112
  • UPD: 15:44, 25.12.2020

Биылғы жылы Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде жүз жиырма бизнес өкілінің құқығы қорғалды. Protecting Business and Investments жобасы аясында кәсіпкерлер практикалық көмек пен кеңес алады. Бұл инвесторларға мемлекеттік органдарға жүгінген кезде заңсыз талаптарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлықтан қорғану үшін мүмкіндік береді.

Ресейден келген инвестор сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тағы бір келісімге қол қойды. Ол облыс орталығында екі ірі жобаны жүзеге асыруға ниетті. Олардың жалпы құны жүз алпыс миллиард теңгеден асады. Жоспарға зауыттар салу және жүк машиналарын шығаруға арналған компоненттер өндірісі кіреді. 

Владислав Пастушенко, инвестор /Ресей/:

- Біз мұнда 70-80 мыңға жуық білік пен 50 мыңға жуық қозғалтқыш бөлшектерін шығармақпыз. Бүгін біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойдық, яғни үкімет бизнестің қалыпты әрекет етуін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасап отыр.

Мұндай серіктестікті 47 кәсіпкер тиімді деп санады. Олар жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдауға ие болды.

Юлия Ярошенко, «Protecting Business And Investments» жоба офисінің басшысы:

- Жалпы сомасы 347 млрд теңге көлеміндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісім жасалды. Кәсіпкерлер бізден көбінесе кеңес алады, осы уақытқа дейін инвестициялық жобаларда үлкен проблемалар болған жоқ, яғни олардың қызметіне ешкім кедергі келтірген жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау тек инвестициялық жобаларға ғана емес, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдеріне де беріледі. Биыл олардан 120 өтініш келіп түсті.

Қуаныш Бекбасов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің аймақтық департаментінің бастығы:

- Көп жағдайдағы шағымдар қысым жасау жолымен қызметке кедергі келтіру, көрсетілген қызметі үшін және қамқоршылық туралы ұсыныс жасағаны үшін пара талап ету туралы болып отыр. Мұндай жағдайда кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылғанға дейін ең қатал шаралар қабылданатын болады.

Сыбайлас жемқорлықтан қорғану жол картасы бойынша мемлекеттік гранттар алатын  жаңа іс бастаған кәсіпкерлер үшін де қолжетімді болып отыр.

Аслан Иса, Наталья Строкова, Ермек Мухамедьяров

Хабар 24 телеарнасы