419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбедегі «Жаңа Әлжан» диірмен комбинаты шетел нарығына өнім шығаруды ұлғайтты

  • 268
  • UPD: 22:21, 25.12.2020

Тек биылдың өзінде көрші мемлекеттерге өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп тауар экспорттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай мүмкіндік сауда және интеграция министрлігі мен «Бәйтерек» холдингі және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының көмегі арқасында іске асты. Кәсіпорында өндіріс көлемінің артуына байланысты келер жылы тағы бірнеше цех іске қосылады.

«Жаңа Әлжан» – диірмен комбинаты өңірдегі ірі кәспорындардың бірі. Мұнда жылына 120 мың тонна бидай өңделіп, оған қоса түрлі сұрыпты ұн, макарон,  жайма елдің әр аймағына жөнелтіледі. Өнімнің 85 проценті ішкі нарықта қалса, қалған бөлігін шетелге шығару тұрақты жолға қойылған. Нәтижесінде, биыл мұнда өндіріс көлемі өткен үш жылмен салыстырғанда 30 процентке өскен.

Армат Делекешев, «Жаңа Әлжан» диірмен комбинаты жшс директорының орынбасары:

– Жаңа технологиялар енгізуге тырысып жатырмыз. Өзіміздің өнімімізді беретін, макарон өндірісіне, кондитер өндірісіне және нан өндірісіне бөлек-бөлек сападағы ұндарды шығарып, өндірушілердің көңілінен шығуға тырысып жатырмыз. Экспорттың нығаюына байланысты өндірістің көлемін де үлкейіп жатыр.

Комбинат өнімін өз елімізден басқа Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Қырғызстан тұтынып отыр. «KazakhExport» сақтандыру компаниясы қолдауының арқасында шетелдік тапсырыс берушілердің саны едәуір ұлғайған. Нәтижесінде кәсіпорын індет кезіндегі қысылтаяңнан сүрінбей өтіп келеді.

Нұржан Жулаев, «Жаңа Әлжан» диірмен комбинаты жшс коммерциялық директоры:

– Мемлекеттік және «KazakhExport» сақтандыру компаниясы қолдауы бойынша біз осы нарықтарда көлемімізді екі есе ұлғайтып отырық. Тек қана көлем емес, клиенттік базамызды да ұлғайттық. Бұрын біз көрші мемлекеттерінде клиенттік базамыз үш клиенттен аспады. Қазір «KazakhExport» сақтандыру компания бойынша біздің клиенттік базамыз өсті. Он, бес клиентке дейін өсіп жатыр.

Серіктестік байланыс орнатқан «KazakhExport» көмегімен келер жылы Түркия, Әзербайжан, Грузия және Европа елдерінің нарығын бағындыру көзделіп отыр. Ол үшін мұнда өндіріс көлемі одан әрі арттырылып, жарманың 7 түрін шығару жоспарланған.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы