429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да биоэтанол өндірісі іске қосылды

  • 191
  • UPD: 22:09, 25.12.2020

Тайынша қаласында жылдар бойы тұралап тұрған ірі зауыт толығымен жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылына 20 мың тонна өнім шығарылады. Бұл отандық нарықтың жартысынан астамын жабуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынға Францияның озық қондырғылары қойылған. Зауытта крахмал мен глютен жасалады. Осының арқасында өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесі 5 есеге артады. Кәсіпорында 450 адам жұмыс істейді.  

Алмас Қалимұрзин, зауыттың бас директоры:

– Жуырда ғана Америка Құрама Штаттарына ірі партия жібердік. Түркия ға да экспорт бар. Жоғары сұраныстың себебі – еліміздің, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының бидайы өте сапалы.

Хабар 24 телеарнасы