419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізден Қытайға жүк вагондардың өтуі қиындады

  • 161
  • UPD: 22:33, 26.12.2020
Елімізден Қытайға жүк вагондардың өтуі қиындады

Қытайда карантиндік шектеулердің күшейтілуіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасында жүк вагондарының кезегі қалыптасты.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәселеге түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«24 желтоқсанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, ҚР және ҚХР шекаралық өткеліндегі ағымдағы жағдайды бағалау үшін «Атамекен» ҰКП өкілдерінің, ірі жүк жөнелтушілердің, вагондар (контейнерлер) операторларының және экспедиторлардың қатысуымен Достық станциясына барды.

Бүгінде Қытай тарапының коронавирус пандемиясының алдын алу үшін карантиндік шараларды күшейтуіне байланысты ҚХР-ға бағыт алған жүк вагондарының ұзағынан тұрып қалуы байқалады. Оған себеп Қытай тарапының қабылдамауы», - делінген ҚР ИИДМ ақпаратында.

Мәлім етілгендей, Достық – Алашаңқай шекара өткелі арқылы жүк пойыздарын өткізу тәулігіне 8-12 бірліктен аспайды. Қажет болған жағдайда кемінде 18 бірлікті құрайды.

«Осыған байланысты күн сайын ҚХР бағытында жүктері бар 7 мыңнан астам вагон тасымалдаумен қамтамасыз етілмейді. Сапар барысында қатысушыларға Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы өтетін және кесте бойынша келген екі пойызда контейнерлерді қайта тиеу, жүктерді қабылдау және жөнелту процесі көрсетілді. Сондай-ақ «Достық» БӨП шектеу қызметінің, станцияда қайта тиеу процесін жүзеге асыратын вагондар мен объектілердің орнын ауыстыру пунктінің жұмысы көрсетілді. Бұдан бөлек «ЕвроТранзит» ЖШС, «ЕвроТрансГрупп» ЖШС және «ДостықТрансТерминал» ЖШС қайта тиеу терминалдарын салу жобалары таныстырды.

Тексеру қорытындысы бойынша Көлік комитеті төрағасының орынбасары Ж.Тайжановтың төрағалығымен кеңес өткізілді және қалыптасқан жағдайды шешу үшін бірқатар шара талқыланды. Сондай-ақ кеңес барысында Достық станциясының жұмысымен танысудың қорытындысы бойынша бизнес өкілдері ҚХР-ға жүктерді тапсыру кезінде қазақстандық тарапта шектеулердің жоқтығына және «ҚТЖ»ҰК» АҚ Алашаңқай станциясы бойынша ҚХР енгізген шектеулерді алып тастау кезінде жеткізу көлемін тәулігіне 18 жұп жүк пойызына дейін ұлғайтуға дайын екендігіне көз жеткізді», - деді министрліктен.

Хабар 24 телеарнасы