419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жайықтың тартылуы балықшыларды тығырыққа тіреді

  • 96
  • UPD: 08:46, 28.12.2020

Жайық өзені тартылып, Каспий теңізіндегі кәсіптің тұралауы балық шаруашылығын тығырыққа тіреп отыр. Осыдан он жыл бұрын Жайық-Каспий бассейнінен 30 тоннаға жуық балық ауланатын. Қазіргі көрсеткіш жартысына да жетпейді. Экспортқа шығатын өнім азайғалы балықшылар да табыстан қағылды. Осыған орай жергілікті билік саланы дамытуға арналған 11 жаңа жоба әзірледі.

Бір кезде бекіре балығымен күллі Одаққа танымал болған Атырау облысы ата кәсіптен әлі де қол үзген жоқ. Мұнда 18 өндірістік кооперативтың жұмысы осы ақ айдынмен байланысты. Биыл балықшылар 12600 тонна балық аулапты. Бірақ жыл санап Жайық өзенінің тартылуына орай балық басы азайып барады. Биылғы көктемгі кәсіп те нәсіпсіз болды.

Өтеген Есәлиев,  тартым жетекшісі:

- Балықтың жүрісі қазір азаңдау енді. Күн салқын, мұз жаңа кетіп жатыр ғой! Бір тарттым 200 келідей балық шықты. Жылдағыдай, жылда осылай болады. Күн салқын, балық кіре алмай жатыр. 

Балықшыларды толғандырған түйткіл билік басындағыларды да бейжай қалдырмады. Жайық, Қиғаш өзендерінде су сарқылғанымен Каспиийде балық қоры жеткілікті. Тек оған тиімді әдіс керек. Облыстық маслихат сессиясында міне осы мәселе жан-жақты талқыланды. Балық шаруашылығы басқармасы 11 кешенді жоба жасақтап, депутаттардың қарауына ұсынды.

 Артур Сәдібекұлы, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде тауарлы балық өсіру көлемі 10-15 тоннаға, балық өнімінің экспорты 25 тоннаға, сондай-ақ Жайық-Каспий бассейнінде кәсіп жылына 25 тоннаға дейін артады. Сонымен қатар 371 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Су маржанын терудің аяқсып кетуіне балықшы коопераивтердің де қателігі бар. Себебі бір кезде бар байлықты ынсапсыз пайдаланған табиғат пайдаланушылар өздерінің материалдық-техникалық базасын ұмыт қалдырған. Енді көне кемелер ашық теңізге шыға алмай қайырлап қалды. Қазір кәсіпшілікпен айналысып жүрген 18 коопертивтің тек төртеуі ғана Каспийге шыға алады екен.

Әлібек Нәутиев, облыс әкімінің орынбасары:

- Біздің табиғат пайдаланушылар тек қана пайда табумен айналысты, өнімді шетелге сатумен айналысты. Техникалық базасын біреуі де жақсартқан жоқ. Қазір сол баяғы 15 жылғы қайық, 40 жылғы кемемен жүр. Оған Үкімет жылда ақша бөлуге міндетті болмас. Олар биоресрусқа төлесе, 10 проценттің көлемінде. Қалған пайданы салықтан басқа жерге төлеп жатқан жоқ. 

Бүгінде Жайық-Қиғаш өзендері бойындағы су арналарында балық қоры сарқылуға таяу. Тағы бір мәселе, ондаған жыдар бойы балық жүретін су арналары аршылмады. Осыдан екі жыл бұрын қолға алынған түп тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр, бірақ нәтижесі әзірге көрінбейді.

Атырауда қолға алынған өңірлік жобада балықшы коопертивтерге кемелер алуға көмектесу, олардың жанар-жағармайға кеткен шығындарын 30 процентке субсидиялау секілді мәселелер бар. Ол мәселе жаңа жылдың 22 қаңтарында Үкімет отырысында тағы да нақтыланатын болады.

Авторлар: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы