420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аграрлық несие корпорациясы 16 құс фабрикасын қаржылай қолдады

  • 74
  • UPD: 16:00, 28.12.2020

Бізде қазір құс етінің 60-тан аса проценті өзімізде өндіріледі. Қалғаны импорт. Шеттен тасымалдамай, ішкі нарықты елімізде өсірілген құс етімен толық қамтамасыз етуге басымдық беріліп жатыр. Бұған мүмкіндік те жетеді. Мемлекет басшысы да азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды тапсырды. Осы мақсатта аграрлық несие корпорациясы құс фабрикаларына қаржылай қолдау көрсетіп отыр. Аталған ұйым берген қомақты несиенің арқасында бірнеше кәсіпорын өнім көлемін ұлғайтып жатыр. Жаңа өндіріс орындары да бой көтеруде. Осындай ірі фабриканың бірі алдағы көктемде іске қосылады.

Бұл Ақмола облысының Аршалы ауданында салынып жатқан ет бағытындағы құс фабрикасы. Құрылысы былтыр ғана басталды. Бүгінде екінші кезеңі аяқталған. Алғашқы өнім нарыққа алдағы көктемде шығарылады.

Марат Қарсыбаев, «АҚ ДАЛА АГРО» ЖШС Бас директоры:

- Ауылшаруашылық несие корпорациясының беріп отырған несиесі жалпы жобаның 70 пайызын құрайды. Қалған 30 пайызы өзіміздің компанияның қаржысы. Бірақ, пайызы 8,5 пайыз жылына. Ол біз үшін тиімді пайыз деп ойлаймын.

Биыл аграрлық несие корпорациясы жалпы құны 40 миллиард теңге жуық жаңа 51 инвестициялық жобаны қаржыландырған. Оның ішінде үшеуі құс фабрикасы.

Руслан Ескендір, «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ Маркетинг және pr қызметінің басшысы:

- Осындай қаржыландыру негізінен мультипликативті эффекті береді. Өйткені біріншіден өндірістердің саны көбейеді. Екіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өндіріс орындарында жұмыс істейтін мамандардың да квалификациялары өседі. Өйткені бізден қаржы алған өндірістер алдыңғы қатарлы техника мен технологияны қолданады. Үшіншіден, ауылдың жерінде инфрастурктура жақсарады.

Осы аграрлық несие корпорациясы қызметін бастағалы 16 құс фабрикасын қаржыландырған. Оларға 26 миллиард теңге көлемінде несие берілді. Осындай көмектің арқасында екінші кезеңі аяқталған Аршалыдағы құс фабрикасы келесі жылы үшінші, 2022 жылы 4-кезеңін іске асырады. Сөйтіп, алғашында кәсіпорында жылына 15 мың тонна құс еті өндірілсе, 2028 жылға қарай жылдық өнім көлемі 60 мың тоннаға жеткізілмек. Бұл өз кезегінде елдегі құс етінің импортын едәуір азайтуға зор септігін тизігері анық.

Авторлар: Қорған Төреқожа, Нұрғали Мамырбаев

Хабар 24 телеарнасы