420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасымен кездесті

  • 156
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасымен кездесті елбасы

Кездесу барысында Ерболат Досаев 2021 жылға арналған Қазақстан экономикасының даму болжамдарын баяндады.

Сондай-ақ пандемия кезіндегі әлемдік нарықтағы жағдайға шолу жасады. Елбасыға қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары және экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарын іске асыру туралы ақпарат берілді. Бұдан бөлек, Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның халықаралық резервтерінің жай-күйі туралы айтып, Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін басқарудың алдын ала нәтижелері туралы баяндады.

Хабар 24 телеарнасы