421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл төлем карталарынан алынған қолма-қол ақша көлемі ең төменгі көрсеткішті құрады

  • 199
  • UPD: 10:45, 30.12.2020
Биыл төлем карталарынан алынған қолма-қол ақша көлемі ең төменгі көрсеткішті құрады

Осы жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан аумағында қазақстандық және шетелдік эмитенттер шығарған төлем карталарын пайдалана отырып шығарылған қолма-қол ақша көлемі 15 трлн теңгені құрады.

Соңғы бір жыл ішінде Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшаның көлемі тек 4,3% өсті, бұл – ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлады finprom.kz.

Карталардың жалпы айналымындағы төлем карталарынан қолма-қол ақша алу үлесі 2020 жылдың қаңтар-қарашасында 33,3% құрады, бір жыл бұрын қолма-қол ақшаның үлесі 55,8%, ал бес жыл бұрын 90% құраған еді.

Алынған қолма-қол ақшаның үштен бірі екі мегаполиске тиесілі: Алматы (3,1 трлн теңге) және Нұр-Сұлтан (1,6 трлн теңге).

Хабар 24 телеарнасы