421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Самұрық-Қазына» мемлекеттің сыртқы қарызының 8 млрд долларын өтеді

  • 112
  • UPD: 17:51, 30.12.2020
«Самұрық-Қазына» мемлекеттің сыртқы қарызының 8 млрд долларын өтеді

Биылғы жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мұнайдың құлдырап, пандемияның қыспаққа алуына қарамастан, мемлекеттің сыртқы қарызының 8 млрд долларын өтеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның нәтижесінде 1 трлн теңгеге бағамдық тәуекел жойылып, валютаға жыл сайынғы қажеттілік 269 млрд теңгеге төмендепті. Осы жылдың наурыз-сәуір айларында шығындарды тағы 429 млрд-қа оңтайландыру бойынша жұмыстар жұргізілді. Бұл ретте цифрлық трансформация бағдарламасын және жұмыста IT-технологияларды пайдалану белсенді іске асырылады.

Еске салсақ, БҰҰ есебіне сәйкес «Самұрық-Қазына» әлемнің озық қорларының топ-20 құрамына кірген болатын.

Хабар 24 телеарнасы