421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен АҚШ арасында инвестициялық байланыс нығая түседі

  • 131
  • UPD: 17:18, 08.01.2021
Қазақстан мен АҚШ арасында инвестициялық байланыс нығая түседі

Еліміз Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы Америкамен арадағы инвестициялық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министр Асқар Мамин АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясының бас атқарушы директоры Адам Болермен келіссөз жүргізді. Тараптар агроөнеркәсіптік кешен, туризм, логистика, инфрақұрылым, қаржы және технология салаларындағы инвестициялық байланысты дамыту жайын талқылады. Нәтижесінде тиісті келісімге қол қойылды. Енді Астана халықаралық қаржы орталығының платформасы арқылы біздің елде 1 миллиард долларға дейінгі сомаға бірлескен инвестициялық жобалар іске асырылады.

Хабар 24 телеарнасы