Елімізде мемлекет бюджетіне кіріс жоспары 102,7% орындалды

Былтыр жергілікті бюджеттерге бөлінген 13 млрд теңге игерілмей қалған. 2 млрд теңге үнемдеу болса, 11 млрд теңге жұмсалмаған.

Қаржының көбі Нұр-Сұлтан мен Алматыда, Павлодар, Ақмола және Қызылорда облыстарында игерілмепті. Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды ұсынды. Жалпы 2020 жылы мемлекеттік бюджетке 9 трлн 751 млрд теңге кіріс түскен.  Ал бюджет шығысы 98,1 процентті құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 14 трлн 234 млрд теңге шығыстар жүргізілген.