429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық тауарлар үлесі 4,75% өсті

  • 294
  • UPD: 14:53, 12.01.2021

2020 жылы ауыл шаруашылығындағы өсім 5,6 процентті құрап, отандық азық-түлікпен қамту көрсеткіші жақсарған. 

Өңдеу өнеркәсібі бойынша 12 өңірде жақсы өсім бар. Өңдеудің жалпы өсу қарқыны 3,9 процентке артқан. Тек Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары мен  Шымкент қаласында өңдеу көрсеткіші төмен. Пандемия кезіндегі қиындықтарға қарамастан азық-түлік өнідірісі 4, жеңіл өнеркәсіп 15, машина жасау 16,3, фармацевтика  өндірісі 47 процентке өскен. Нәтижесінде 1,4 млн адам жұмыспен қамтылған. 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдік жасалып, бизнестің 40 мың жобасы жеңілдікпен қаржыландырылған.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- 2020 жыл күрделі болды. Бірақ барлық сын-қатерлерді дер кезінде қабылданған нақты шаралардың арқасында еңсердік. Қазіргі жаһандық экономикалық жағдайда Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету - партияның «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын тиімді іске асыру арқылы қамтамасыз ету керек. Мұның арқасында ең бастысы, халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға жағдай жасалынады. Осыған байланысты барлығымыз партияның бағдарламасын іске асыруға бар күш-жігерін салуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы