Аудиторлар 251 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығын анықтады

Аудиторлар 251 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығын анықтады

Былтыр мемлекеттік сатып алу саласында 983 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар тіркелді.

Қаржы министрлігінің құзырлы органы, жалпы сомасы 10 трлн теңгеден асатын, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін тексерді. Нәтижесінде екі мыңнан астам аудиторлық жұмыс қаралып, 251 млрд теңгенің бұзушылықтарын тапқан.  Оның 74 проценті бухгалтерлік және қаржылық есеп жүргізу кезінде жіберілгені мәлім болды. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.