Әлемде мұнай бағасы тағы қымбаттады

Лондон қор биржасындағы сауда сессиясында Brent маркалы қара алтын құны 0,42%-ке дейін өсіп, бір баррелі 57 доллар 7 центке дейін көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал WTI маркалы мұнайдың бір бөшкесі 53 доллар 66 центке жетті. Сарапшылар мұнайдың қымбаттауына кей мемлекеттердің экономикалық ынталандыру шаралары мен халықты коронавирусқа жаппай егу процесі әсер еткенін айтады. Сонымен қатар өткен атада ОПЕК+ елдерінің алдағы екі айда мұнай өндіру көлеміне байланысты ортақ шешімге келуі де оң ықпалын тигізген.