Қазақстан мен ЕАЭО арасында сауда айналымы азайды

Қазақстан мен ЕАЭО арасында сауда айналымы  азайды

Былтыр еліміздің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудасы 9,6 процентке төмендеді.

Мұны Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Сонымен 2020-шы жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның одақ елдерімен өзара саудасы 17 миллион АҚШ долларын құраған. Бұл 2019-шы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6 процентке аз. Оның ішінде экспорт 4 миллион 966 мың АҚШ долларын құрайды. Яғни өзге елге тасымалданатын тауар көлемі 13 жарым процентке кеміген. Ал импорт 12 миллион 693 мың доллар болды. Сонымен еліміздің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара сауда айналымына тоқталсақ, алыс-беріс Ресеймен 92, Қырғызстанмен 4, Беларусьпен 3,6, Армениямен 0,1 процентті құрапты.