423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Экономикалық еркіндік деңгейі: Қазақстан 40-орында

  • 451
  • UPD: 10:28, 21.01.2021
Экономикалық еркіндік деңгейі: Қазақстан 40-орында inbusiness.kz

Экономикалық еркіндік деңгейі жөнінен рейтингте Қазақстан 180 елдің арасында 40-орынға ие болды.

Еліміздің индекс көлемі 69,6 болған. Осылайша Қазақстан орташа экономикалық еркіндігі бар елдердің қатарына жатқызылды, деп жазады finprom.kz.

ЕАЭО елдері арасында үздік көрсеткіш Арменияға тиесілі. Яғни 70,6 индексіне ие Арменияда еркін деңгей басым. Ал ең төмен көрсеткіш Ресейде. 94-орында тұрған РФ индексі – 61.   

Экономикалық еркіндік жөнінен үздік үштікке Сингапур (89,4), Гонконг (89,1) және Жаңа Зеландия (84,1) енген. Тізімді 4,2 индексін иеленген Солтүстік Корея түйіндеп тұр.

Хабар 24 телеарнасы