Қазақстан ЕАЭО елдеріне бензин экспортын 10 есе ұлғайтты
- 121
- UPD: 13:57, 25.01.2021

Бір жылда Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне бензин экспортын 10 есе ұлғайтты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Былтыр одақтас мемлекеттерге 26 миллион АҚШ долларына жанармай жеткізілді. 2019 жылы бұл көрсеткіш небәрі 2,6 миллион доллар болған еді. Экспорттың 96%-і Қырғызстанға тиесілі. Қазақстан одақ елдерінен бензин импорттаған жоқ.
Айта кетейік, Gasoline Petrol Prices порталының мәліметіне қарағанда, әлемде бензиннің орташа бағасы 420 теңге шамасында. Қазақстан жанармайдың арзандығы бойынша жетінші орында. Бізде оның литрі 150 теңге шамасында саудаланады.