Асқар Мамин: 2021 жылы мұнай өңдеу зауытының құрылысы басталады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Асқар Мамин 2021 жылы мұнай өндіру жоспары туралы айтты.

– 2021 жылы мұнай өндіру көлемін арттыру бойынша жұмыстар жалғасады. 2020 жылы 85,7 млн тонна мұнай өндірдік. Биыл мұнайды қайта өңдеу зауытының құрылысы басталады, – деді Үкімет басшысы.