Қазақстанда инфляция деңгейі 7,5%-ті құрады

Қазақстанда 2020 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 7,5% болды.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

«Өткен жылы инфляция деңгейі 7,5% болды, бұл 2020 жылдың шілде айында тіркелген 8-8,5%-тен төмен», – деді Досаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы елімізде инфляция 5,4%-ті құраған.