Үкіметке шағын және орта бизнеске қолдау көрсету тапсырылды

Пандемия салдарынан еліміздегі кәсіпорындардың көрсеткіші төмендеді.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

«Пандемия мен карантин шектеулері, сауда қатынастарының бұзылуы елдегі іскерлік белсенділікке кері әсерін тигізді. Көптеген ірі кәсіпорындардың көрсеткіші төмендеді. Әсіресе, шағын және орта бизнес қатты зардап шегуде», – деді ол.

Осыған орай Үкіметке шағын және орта бизнеске қолдау көрсету туралы тапсырма берді.

«Биыл шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс. Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бір айдың ішінде осыған қажетті іс-шаралар топтамасын әзірлеуді тапсырамын», – дегенді қосты Президент.

Осы тақырып бойынша өзге материалдар:

Қ.Тоқаев жаппай вакциналауға қатысты тапсырма берді

А.Цой «қызыл аймақтағы» өңірлерді қосымша шаралар қабылдауға шақырды

Қазақстанда инфляция деңгейі 7,5%-ті құрады

Ел экономикасы қашан қалыпқа келеді?

ҚР Президенті: Жүз мыңнан астам адам мемлекет қолдауынан тыс қалды

Мемлекет басшысы: Фармацевтика саласында монополияға жол берілмейді

Президент жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керектігін айтты

Қазақстандықтардың 48 проценті ғана экологиялық жағдайға көңілі толады

Қ.Тоқаев бәсекелестікті дамытатын заң қабылдауды тапсырды