Ұлттық банк теңге бағамының неліктен әлсірегенін түсіндірді

Қаңтардың соңғы күндері ұлттық валюта үшін жағдай күрделі болды.

Теңге бағамы әлсіреді. Соңғы күндері теңгенің әлсіреуіне не әсер етті? Мұндай серпін АҚШ долларына қатысты рубль бағамының құлдырауына байланысты ма? Бұл сауалдарға Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов жауап берді.

– Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 28 қаңтарда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы өткен аптаның жабылуынан (-)0,84%-ке әлсіреп, жабылу кезінде 424 теңге деңгейінде қалыптасты. Теңге бағамының қазіргі серпіні әлемдік нарықтардың жалпы сақтану жай-күйін көрсетеді.

Вакцинацияның дамуына қарамастан, коронавирус пандемиясы әлемдік экономикаға әлі де болса үлкен қауіп төндіріп тұр. Covid-19-дың жаңа штамының таралуы, сондай-ақ вакциналарды жеткізуге және оларды тасымалдау жағдайларына байланысты проблемалар ұзақ локдаундардың қайталануын жоққа шығармайды.

Әлемдік экономиканың қалпына келуіне байланысты инвесторлар көңіл-күйінің нашарлауы шикізат нарықтарында тікелей көрініс береді. Қаңтардың басында жарияланған Сауд Арабиясының ақпан-наурызда мұнай өндіруді тәулігіне 1 млн баррельге төмендету туралы шешіміне қарамастан, COVID-19 ауруының жоғары болуы және оған байланысты қолданыстағы шектеулер мұнай бағасын белгілеуге қысым көрсетіп келеді. Қытай билігі тұрғындарға жылдың ең белсенді туристік маусымы болып табылатын Жаңа жылды мерекелеу кезінде қозғалысты шектеуге кеңес береді. Bloomberg деректері бойынша, өткен аптада Қытайдағы автомобиль тасымалының көлемі өткен жылдардың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 75%-ке қысқарды.

Жалпы алғанда, біз айдың басында бір баррель үшін $56,58 жеткен Brent сұрыпты мұнай бағасының өсу кезеңінен кейін қаржы нарықтарындағы өсімге және белгісіздікке қатысты қосымша ынталандырудың болмауына байланысты төмендеу орын алғанын байқаймыз.

АҚШ экономикасын ынталандырудың жаңа топтамасын наурыздың ортасына дейін кешіктіру ықтималдығы туралы хабар тәуекел активтеріне жалпы теріс әсерін тигізді. Нарығы дамып келе жатқан елдердің көпшілігінде валюталардың теріс серпініне АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы әсер етеді. Осы аптаның басынан бастап Мексика песосы 2,0%-ке, Ресей рублі 1,4%-ке, Оңтүстік Африка ранды 0,5%-ке әлсіреді. Ресей рублі ерекше тәуекел факторларына ұшырауда, яғни жаңа санкциялар енгізу тәуекелі артты. 

Инвесторлардың тәуекелден бас таруы АҚШ ФРЖ басшысы Дж.Пауэлланың түсіндірулерін де күшейте түсті, ол жеңіл ақша-кредит саясатын ұстанатындығын растап, әлемдегі ең ірі экономикалардың ішіндегі біреуінің сақталып отырған проблемаларын білдіреді. Нәтижесінде АҚШ пен Еуропаның қор индекстерін түзету байқалады. Көптеген дамыған елдердің қор нарықтары құлдырауды көрсетті. Мысалы, аптаның басынан бастап S&P 500 индекстерінің және MSCI World акцияларының жаһандық индексінің төмендеуі тиісінше (-)1,4% және (-)1,65% болды.

Осындай жағдайларда теңге бағамы әлемдік қаржы нарықтарының және мұнай бағасы негізгі факторға жататын іргелі фактордың жалпы конъюнктурасын көрсетеді.