2021 жыл Қазақстан үшін тиімді болады – мамандар

2021 жыл Қазақстан үшін тиімді болады. Мұндай пікір Корея мен Орталық Азия арасындағы экономикалық ынтымақтастық форумында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экономистер, дипломаттар мен ғалымдар аймақ мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жаңа бастамаларын жариялады.

2021 жылы мұнай бағасы жоғары болады және бұл Қазақстан экономикасына оң әсер етеді. Бұл – Кореяның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Пэк Чу Хённің пікірі. Дипломат өз болжамын АҚШ-тың жаңа президентінің саясатымен байланыстырады. Байден мұнай компанияларын қаржыландыруды едәуір қысқартуды жоспарлап отыр. Бірақ Пэк Чу Хеннің пікірінше, Корея мен Орталық Азия елдері екіжақты қатынаста шикізаттық бағдардан бас тартуы керек.

Пэк Чу Хен, Корея Республикасының Қазақстандағы бұрынғы елшісі:

– Біз дәстүрлі энергетикалық ресурстармен шектелмей, жаңа мүмкіндіктер туралы ойлауымыз керек. Бұл сутегі мен электромобильдер өндірісі, жел энергиясын пайдалану технологиялары. Орталық Азияда баламалы энергия көздерін дамыту үшін жақсы мүмкіндіктер бар. Болашақ энергиясы ЭКСПО-2017 көрмесінің басты тақырыбы болды.

Форумға қатысушылар кореялық мамандардың тәжірибесі індетпен күрес, су проблемаларын шешу және ауыл шаруашылығын дамыту салаларында Орталық Азия елдеріне пайдалы болатынын да атап өтті.

Қайрат Абусеитов, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының Халықаралық бағдарламалары орталығының басшысы:

– Барлық Орталық Азия мемлекеттерін не біріктіруі мүмкін? Тек Өзбекстан мен Қазақстанды ғана емес, барлық Орталық Азия мемлекеттерін, атап айтқанда Корея Республикасын айтамын. Бұл ауыл шаруашылығы. Қазақстанда бидай, нан, мал өндірісіне баса назар аударуға болады. Өзбекстанда мақтаға, бұл елдің көкөніс өсіруден жақсы тәжірибесі бар.

Аймақ елдері арасындағы ынтымақтастыққа корей компанияларының жақсы атақ-даңқы да көмектеседі. Форумда Кореяның сауда және инвестицияларды ынталандыру агенттігінің өкілі Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесін жариялады.Қазақстандықтардың жиырма проценттен астамы Кореямен ынтымақтастықты дамыту қажет деп санайды.

Авторлар: Владислав Цой, Ольга Лян