419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенаторлар Қазақстанның өнеркәсіп саясаты жөніндегі мәселелерді талқылады

  • 127
  • UPD: 15:42, 03.02.2021
Сенаторлар Қазақстанның өнеркәсіп саясаты жөніндегі мәселелерді талқылады Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Үкімет сағатына дайындық барысында Қазақстандық өнеркәсіп және экспорт орталығының төрағасы Берік Бекеновпен кездесті.

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің мәліметінще, комитет төрағасы Дәурен Әділбеков осындай кездесулерді өткізу саладағы проблемаларды анықтауға, оларды жүйелеуге және шешу жолдарын қарастыруға, сондай-ақ заңнамадағы олқылықтарды жоюға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сенаторлар сонымен қатар «Кейбір заңнамалық актілерге өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына арналған ұсыныстарды талқыға салды. Сондай-ақ еліміздегі саланың дамуына кедергі болатын бар проблемалар мен тәуекел ететін жайттар сараланды.

Кездесу барысында Берік Бекенов экспортқа бағытталған өндірістік нысандардың тізімі мен еліміздің өңдеу өнеркәсібін дамытуға жеке инвесторларды тарту жөніндегі ұсыныстар туралы айтып берді.

Хабар 24 телеарнасы