Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру керек – Қ.Тоқаев

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру керек – Қ.Тоқаев
фото: akorda.kz

Мемлекеттік аудиторлық қызмет тиімді болуы қажет.

Ресми органдардың негізсіз бюджеттік шығындарын анықтап, оның алдын алуға баса мән беру керек. Мұны бүгін Қаржы министрін қабылдаған кезде Мемлекет басшысы атап өтті. Ерұлан Жамаубаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтыр атқарған жұмыстарының нәтижесін, Президент Жолдауында қаржы саласына қатысты айтылған тапсырмаларының орындалуын баяндады. Бұдан бөлек, министр бюджеттің тең бөлінуі, салық-кеден әкімшілігін цифрландыру, мемлекеттік активтерді басқару, сатып алу мен мемлекеттік аудит жүйелерін жетілдіру туралы айтты. Ал, Мемлекет басшысы үш жылдық республикалық бюджетті оңтайландыруға және сапалы әзірлеуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

«Салық-кеден әкімшілігін цифрландыру жұмысын толық ойластырып, белгіленген мерзімде орындау керек»,- деді. Кейін мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдірудің қажеттігіне тоқталды.

Министр бюджеттің тең бөлінуін қамтамасыз ету, салық-кеден әкімшілігін цифрландыру, көлеңкелі экономиканың көлемін азайту, мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру, сатып алу мен мемлекеттік аудит жүйелерін жетілдіру туралы айтты. Мемлекет басшысы үш жылдық республикалық бюджетті оңтайландыруға және сапалы әзірлеуге қатысты бірқатар тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев салық-кеден әкімшілігін цифрландыру жұмысын толық ойластырып, белгіленген мерзімде орындаудың маңыздылығын атап өтті.