419,41 505.95 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕАЭО елдері арасында газ бағасы тұрақтала ма?

  • 109
  • UPD: 23:42, 04.02.2021

Еуразиялық экономикалық интеграция аясында келелі мәселелер талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спикерлер көгілдір отын бағасына ерекше тоқталды. Елдер арасында тұрақты келісім болуы керек деді. Тек халықаралық қатынас қана емес. Әр елдің компаниялары да бір-бірімен етене араласып, жұмысты жобалау маңызды. Сонда газ бағасы да тұрақталады. «Жеткізу қызметіндегі біраз өзара мәселелер де шешімін табады», деді жиналғандар.

Эмиль Кайкиев, Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқа мүшесі:

- Газға қатысты ортақ бағаны айту әзір мүмкін емес. Бізде қазір көгілдір отынды тасымалдауға қатысты ортақ бағдарлама бар. Баға да нарыққа сай болуы керек деп ойлаймыз. Бір-біріне көгілдір отын жеткізетін елдер арасында тұрақты келісім болуы да шарт. Бұл газ бағасын нақты ұстап тұруға ықпал етері сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы